21 Сентября
, 05:46
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Аграрлы сектордың шағын бизнес субъектілерін несиелендіру, субсидия бөлу жағдайы, проблемалар, күтілген нәтиже туралы» ақпарат
Басты Қоғамдық кеңес «Аграрлы сектордың шағын бизнес субъектілерін несиелендіру, субсидия бөлу жағдайы, проблемалар, күтілген нәтиже туралы» ақпарат

«Аграрлы сектордың шағын бизнес субъектілерін несиелендіру,

субсидия бөлу жағдайы, проблемалар, күтілген нәтиже туралы»

 ақпарат

 2016 жылы мал шаруашылығы саласына 54,5 млн. теңге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде «Асыл тұқымды селекциялық жұмыс жүргізу үшін» 7 шаруа қожалық 53,0 млн. теңге және 5 шаруашылық асыл тұқымды төл сатып алу үшін - 1,5 млн. теңге субсидия алды.  

 «Жайылымдарды суландырудың инфрақұрылымын құру» бағдарламасы бойынша «КС ЕТ» шаруа қожалығында малды сумен қамтамасыз ету үшін   21 ұңғыма бұрылды. Оның ішінде 7 ұңғымаға  6,3 млн. теңге субсидия алынды.

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Рассвет» НС» ЖШС арқылы  Құсанов Е. (Шарбақты а.) 2 бұқа  және 10 бас ІҚМ сатып алуға және Дашкенова Б.К. ( Галкино а.) 2 бұқа және 21 бас ІҚМ сатып алуға несие алды. 

Азаматова Н.Ж. шаруа қожалығы бойынша (Чигиринов ауылдық округі) 3 млн. теңгеге несиелендіру туралы шешім қабылданды.

 «Құлан» бағдарламасы бойынша  Айдосов З.К. (Хмельницкий округі) және ЖК Тусубеков  (Шарбақты а.) құжаттар тапсырды.

 «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша Өнерхан Серікжан (Хмельницкий округі) шаруа қожалық ашылғаннан кейін 3 млн. теңгеге несие алу үшін құжаттар тапсырады.

Өсімдік шаруашылығы саласына ұсақ шаруа қожалықтары 1,9 млн. теңге субсидия түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды.  «Гербицидтердің бағасын арзандату» бағдарламасы бойынша   «Алишев Т.Т.» ШҚ және «Жатва»  ШҚ  1,9 млн. теңге субсидия алды.

 2016 жылы ауданның шаруа қожалықтарымен  жаңа ауыл шаруашылық техника сатып алынды:  «Турбин В.С.» ШҚ - «Вектор» комбайны,  «Дон Мар» аспалы дестелегіш,   «Рассвет» ШҚ -  МТЗ 952-2 тракторы,  «Алишев т,Т.» ШҚ -  «Вектор» комбайны,  «Кривов» ШҚ- пішен тайлауыш. Олармен  89,1 млн. теңгеге 5 бірлік ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Оның ішінде лизинг бойынша  - 3 бірлік.

Сатып алынған техниканы субсидиялау үшін шаруа қожалықтардан «АӨК субъектілері инвестициялық салымдар кезінде ұшыраған шығындарын ішінара өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылданды.

2016 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ арқылы 32,5 млн. теңге несие «Апакидзе», «Алишев Т.Т.», «Ждеулов Серик Кайретович» және  «Алтын бидай» шаруа қожалықтары  алды. Ағымдағы жылы құрылған «ЕртicАгро»  АТК арқылы үш шаруа қожалық  16,3 млн. теңге несие алды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ЖК «Дизель» - Орловка ауылының тұрғыны В.Чуйкин жүк автомобилін сатып алуға  несие алды. ЖК «Золотое руно» киізден бұйымдар жасау үшін 3 млн. теңге мемлекеттік грант берілді.

Осы бағдарлама бойынша «Шарбақты элеваторы» АСҚ» ЖШС көкөніс сақтауға арналған жабдық сатып алу үшін «Форте Банк» АҚ несие алуға құжаттар тапсырды.

Ұсақ шаруа қожалықтарымен екінші деңгейлі банкілерінде  несие алған кезде басты проблема қала шегінде кепілге қоятын мүліктің бар болуы туралы банктің шарты болып саналады.

Осы проблеманы шешу үшін ауданның шаруашылықтары кооперавтивтерге кіреді.  Павлодар облысында 2016 жылғы 9 ақпанда  ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің жаңа «Ертіс  Агро» Өндірістік кооперативі бірлестігі тіркелді. Кооперативтің өндіріс қызметі дәнді дақылдарды өсіру және қайта өңдеу болып саналады. Кепілге ауыл шаруашылығына арналған жерлер қойылады.  Шарбақты ауданында кооперативке  6 ауылшаркәсіпорны кірді: «Турбин В.С.» ШҚ,  «НИКРОМ» ШҚ,  «Заря» ШҚ,  «Алтын бидай» ШҚ,  «Полторацкий И.В.» ШҚ,  «Алишев Т.Т.» ШҚ.

Сонымен қатар «Рассвет» ЖШС» несие серіктестігі арқылы 6 шаруа қожалық көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 42,5 млн. теңге несие алды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға 2 шаруашылық несие алды.

Келесі жылдан бастап АТК кепілдігі арқылы несиелендіру жүргізілмейді, сондықтан негізгі қаржыландыру  кооперативтер пен несие серіктестіктері арқылы жүзеге асырылады.