Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Кезекті қоғамдық кеңес отырысы (09.09.2016 ж.)
Басты Қоғамдық кеңес Кезекті қоғамдық кеңес отырысы (09.09.2016 ж.)

2016 жылы 7 қыркүйекте ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Төлеген Ғаббасұлы Әбдрахмановтың төрағалығымен кезекті қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

         Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

         1. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту және оларға сапалы қызмет көрсету шаралары туралы.

         2. Аграрлы сектордағы шағын бизнес субъектілеріне несие беру, субсидия бөлу жағдайы және проблемалар мен күтілген нәтиже туралы.

         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Рощина Лариса Алексеевна – «Шарбақты ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі.

         Сөй сөйлеушінің баяндамасынан кейін қойылған сұрақтар:

         Әбдрахманов Т.Ғ. – қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары.

         Ауданда мұқтаж мүгедектердің барлығы кресло-арбамен қамтамасыз етілген бе?

         Жауап: Әзірше түгел емес, кресло-арба кезек бойынша беріледі.

         Шпехт С.В. – аудандық мәслихаттың хатшысы.

         Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу неліктен жеткіліксіз?

         Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арасында басым көпшілігі еңбекке жарамды, бірақ жұмысқа орналасуға ниет білдіргендер жоқ. Біз олармен үнемі жұмыс жүргіземіз, бос жұмыс орындарын ұсынамыз.

         Бірінші мәселенің қортындысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не ұсыныс жасалды:

         1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үнемі сапалы қызмет көрсету мәселесін бақылауға алу.

         2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тұрғылықты жердегі мәдени, спорт, қоғамдық шараларға тарту.

         3. Аудан бойынша жаппай Мүгедектер күніне арналған мәдени бағдарлама дайындауды ұйымдастыру.

         Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы – Омаров Қабдолла Сартайұлы сөз сөйледі.

         Баяндамшаның сөзінен кейін оған қойылған сұрақтар:

         Әбдрахманов Т.Ғ. – қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары.

         Сұрақ: Бизнесті несиелендіру мәселесі бойынша кәсіпкерлер арасындағы белсенділік қалай өтуде?

         Жауап: Белсенділік бар. Мысалы, жаңа техника алған кәсіпкерлер субсидия алу үшін өтінім беруде.

         Екінші мәселенің қортындысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-не ұсыныс жасалды:

         Жергілікті БАҚ, аудан әкімінің сайтына, кәсіпкерлермен кездесуде агарарлы секторағы шағын бизнес субъектілеріне несие бөлу және субсидия беру мәселесі туралы үнемі түсініктеме жұмысын жүргізу.