21 Сентября
, 05:43
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің ережелерін түсініктеме жүргізу және осы сұрақ бойынша азаматар ұсыныстарымен жұмысын орындалуы туралы ақпарат
Басты Қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің ережелерін түсініктеме жүргізу және осы сұрақ бойынша азаматар ұсыныстарымен жұмысын орындалуы туралы ақпарат

Шарбақты аудан тұрғындарына Қазақстан Республикасының заңнамасына еңгізілген өзгерістерін түсіндіру мақсатында, ақпараттық-насихаттау тобы құрылды, оның құрамына Жер кодексінің ережелерін түсіндіру жөнінде  жер қатынастары бөлімінің қызметкері енгізілген (бас маман Ж.Б.Баисов).

2015 жылы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер және толықтырулар еңгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына баса назар аударылған,  Қазақстан Республикасының Призиденті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының жер заңнамасының жеке нормаларына мораторий туралы» № 248  Жарлығы  жарияланды:

Бірінші. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдері, ҚР жеке және заңды тұлғаларға аукционда сату арқылы жеке меншік құқығына беріледі.

Екінші.Жалға берілген жер телімдерін сатып алуға жеңілдік беру.

Үшінші.  Жалда берілген, ауыл шаруашылық мақсатына жерді пайдалануға  шектеу қою.

Төртінші.Жер телімінің нысаналы пайдалну  үдерісін оңтайландыру. Ауыл шаруашылық жерді үнемі қолдану мониторинг өткізу. Барлық пайдаланылмайтын алқаптарды одан әрі жекешелендіру үшін мемлекеттік жер қорына тапсыру.

Заң нормаларын түсіндіру кезінде қатсушылардан ұсыныс болған жоқ, Көл-Бұлақ ауылындағы жер пайдаланушы жалға берілген жер телімін сатып алу бойынша жеңілдік беру назарға алынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 бабының 1 тармағы сәйкес шетелдік жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдееерін жиырма бес жылға дейін мерзімге жалға алу шарты бойынша уақытша, жер пайдалану құқығына ғана беріледі.

Жоғарда көрсетілген өзгерістер бойынша халыққа ақпарат беру үшін келесі жұмыс жүргізілді:

А) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің өзгерістер бойынша Шарбақты аудан әкімінің сайтына және «Трибуна», «Маралды» аудандық газеттеріне орналастырылған. 

Б) Шарбақты ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімімен бірлесіп, жер заңнамасын түсіндіру үшін   2-22-22 тел.  саll-centre  құрылды.

Бүгінгі күні жоғарыда баяндалған мәселелр бойынша азаматтардан ұсыныс түскен емес.

Осы айтылғандарды қортындылай келе, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің ережелерін түсініктеме жүргізу жұмысы жер қатынастары бөлімінің бақылауында.    

 

«Шарбақты ауданы жер

қатынастары бөлімі» ММ басшысы                               С. Солтанов