Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Кезекті қоғамдық кеңес отырысы (21.07.2016 ж.)
Басты Қоғамдық кеңес Кезекті қоғамдық кеңес отырысы (21.07.2016 ж.)

         2016 жылғы 21 шілдеде ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Т.Ғ.Әбдрахмановтың төрағалығымен және Шарбақты аудан әкімі Б.Ж.Ыбыраев, шаруашылық субъектілерінің, ауданның атқарушы органдары басшыларының қатысуымен кезекті қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

         1. «Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімі ММ  тұрғындарға Жер кодексінің қағидаларын түсіндіру және осы мәселе бойынша азаматтардың ұсынысы бойынша атқарылған жұмысы туралы.

         2. 2016 жылғы -ші жартыжылдықта аудан бюджетін игеру жөніндегі жұмысы туралы.

         Тыңдалды: тұрғындарға Жер кодексінің қағидаларын түсіндіру және азаматтардың ұсынысына сәйкес атқарылған жұмысы туралы мәселе 2-ші рет қаралды, өйткені осы мәселенің мемлекеттік маңызы бар болғандықтан, жұртшылық, сонымен қатар республика бойынша халық та қызығушылықпен талқылауда екенін Т.Ғ.Әбдрахманов атап өтті.  Ақпараттау-насихаттау тобы көкейкесті мәселелер, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Жер кодексінің қағидаларын түсіндіру үшін апта сайын ауылдық округтерге барып тұрады. Осы бағытта жұмыс жалғасады, азаматтардың ұсыныстары қаралады, жинақтар қортынды жасалады заңнамаға өзгертулер енгізілген кезде ескерілетін болады.

         1. «Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімі ММ  тұрғындарға Жер кодексінің қағидаларын түсіндіру және осы мәселе бойынша азаматтардың ұсынысына сәйкес атқарылған жұмысы туралы.

         Ақпаратшы: Солтанов С.С. - «Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімі ММ басшысы (ақпарат қоса берілген).

         Ақпарат қортындысы бойынша С.С.Солтановқа сұрақ қойылды:

         Литвинюк Ю.Е. – аудандық ардагерлер кеңесінің төрғасы, ауданның қоғамдық кеңес мүшесі.

         Жер сатылған жағдайд, оны нысаналы тағайындау ескеріле ме?

         Жауап: нысаналы тағайындау міндетті түрде ескеріледі. Ауыл шаруашылық мақөсатында тағайындалған жер тек ғана ауыл шаруашылық нысанда қолданылады.

         Артёмов С.С.- «Вигис» ЖШС бухгалтері.

         Жерді бір түрден, екінші түріне ауыстыруға бола ма?

         Осы мәселе бойынша қазіргі уақытта мораторий жарияланған. Жерді ауыстыру мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады.

         А.Тлеубаев - «Красиловское» ЖШС директорының м.а.

         - Жерді қолдану немесе жер заңнамасының бұзушылықты қалай анықтауға болады?

         Жауап: Топыраққа агрохимиялық талдау жасалады. Егер жердің құнары бұзылған болса, жер телімі қайтарып алынады.

         Сорокин А.С. –«Жатва» ШҚ директоры.

-         Жерді жеке меншікке сатып алғаннан кейін жалға алу төлемақысы қалай болады?

-         Салық төленеді.

-         Сөз сөйлегендер:

         Ыбыраев Б.Ж.- аудан әкімі.

         Аудан әкімі  сөз сөйлеген кезде Қазақстан Республикасының Жер кодексінің негізгі қағиадаларын түсіндіру жөнінде ауданның жұмыс тобының жағымды жұмысын атап өтті. Республика бойынша осы бағытта жұмыс жүргізілуде, барлық жер телімі зерделенетін болады және барлық азаматтардың ұсынысы тыңдалды. Азаматтардың көкейкесті мәселелері назарға алынды және Заңнамаға осы күзде, оның ішінде «Жеке аула шаруашылығы туралы» Заңына өзгертулер енгізіледі. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары республиканың барлық аймақтарына шығып тұрады, жақында біздің ауданда кездесу өткізілді. Жер кодексінің негізгі қағидалары бойынша түсініктеме жұмысын жалғастыру қажет. Ең бастысы жер үнемі тиімді жұмыс істеп әрі пайда әкелуі тиіс.

         Күн тәртібі бойынша қаралған мәселелердің қортындысына сәйкес ауданның қоғамдық кеңес мүшелерімен келесі ұсыныстар енгізілді:

         Жер қатынастары бөліміне:

         ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімін беруге байланысты қолданыстағы жер  заңнамасының нормалары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізсін.;

         - ҚР жер заңнамасын бұзушылық немесе қолданылмайтын жер телімін  жер пайдалану құқығы субъектілеріне, мемлекет меншігіне қайтару үшін  ауыл шаруашылық мақсатында жер мониторингін өткізсін;

         - ауыл шаруашылық мақсатында тағайындалған қолданылмайтын жерге, жер салығы бойынша ставканы арттыру жұмысын күшейтсін..

         2. Жер қатынастары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімдері  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында Жер кодексінің нормалары және жерді тиімді пайдалану туралы түсініктеме жұмысын жүргізу.

         Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе «2016 жылғы 1-ші жартыжылдықта аудан бюджетін игеру жөніндегі жұмысы туралы».

         Ақпаратшы: Ахметова Т.М. - «Шарбақты ауданы қаржы бөлімі» ММ басшысы (ақпарат қоса берілген).

         Т.М.Ахметоваға сұрақ қойылды:

         Паванов Б.П. – ауданның қоғамдық кеңес мүшесі.

         Бюджет бағдарламаларының кейбір әкімшілері бюджет қаржысын игерілмеуіне жол берудің себеп-салдарына талдау жасалды ма?

         Талдау жасалады және тиісті шара қолданылады.

         Әбдрахманов Т.Ғ. – қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары.

         Қаржының игерілмеуіне жол берген бюджет бағадарламаларының әкімшілерін атаңыз?

-         «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ.

-         Осы мәселе бойынша сөз сөйлегендер:

         Әбдрахманов Т.Ғ. ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары. Осы мәселе бойынша аудан бюджетін игеру жөніндегі (ағымдағы жылғы 9 айда) келесі отырыста қоғамдық кеңес отырысына бюджет бағдарламаларының әкімшілерін шақыру.

         Аудан әкімі Ыбыраев Б.Ж. Шарбақты ауыл әкімінің аппаратымен бюджет қаржысын игерілмеуіне жол беру, аудан рейтингіне әсер еткені сөзсіз, соған қарамастан, аудан бюджетінің кіріс бөлігі 115 млн. теңгеге орындалды. Бюджетті жоспарлау мәселесіне қаржы бөлімі тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбегендіктен осындай кемшіліктер айқындалды.. Келесі жолы осыған шындап назар аудару қажет.

         Аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелерге қортынды жасай келе, қоғамдық кеңес дегеніміз – елімізде құрылған жаңа институт деуге болады,  өзінің қызмет бабында халықтың көзі, үні бір сөзбен айтқанда, қатысушылардың назарын, аймағымызда болып жатқан оқиғалардан хабардар етуге және оларға әсер ету болып табылады.    

         Яғни, жергілікті атқарушы органдарының және қоғамдық кеңестің басты мақсаты- халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті.

 

Шарбақты ауданының қоғамдық кеңесі