18 Сентября
, 19:50
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты ауданының қоғамдық кеңесі
Басты Қоғамдық кеңес Шарбақты ауданының қоғамдық кеңесі

 

         2016 жылғы 1 шілдеде ауданның қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Т.Ғ.Әбдрахмановтың төрағалығымен кезекті қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Шарбақты ауданы қаржы бөлімі» ММ басшысы Т.М.Ахметованың «Пайдаланылмайтын ғимараттар мен коммуналдық меншік объектілері, құрылысы аяқталмаған объектілерді одан әрі қолдану туралы» есебі тыңдалды.

         Облыс әкімі Б.Ж.Бақауовтың төрағалығымен    МТЖ тетіктерін қолдана отырып бюджет шығыстарын тарату туралы мәжілісте,  пайдаланылмайтын ғимараттарды және құрылысы аяқталмаған коммуналдық меншік объектілерін одан әрі қолдану мәселесін қоғамдық кеңес отырысында талқылау туралы тапсырма берілді.

         Күн тәртібі бойынша «Шарбақты ауданы қаржы бөлімі» ММ басшысы Т.М.Ахметова есеп берді (қоса беріліп отыр).

         Т.М.Ахметованың есептілік қортындысы бойынша тапсырма берілді:

         Гумаров Р.Г. – «Шарбақты ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы

-         Объектілерді пайдалану үшін сатып алушыларға шектеу бар ма?

-         Жауап: Сатып алушы сатып алады және өзінің қалауынша пайдаланады.

-         Паванов Б.П. – ауданның қоғамдық кеңес мүшесі.

-         Объектіні аукционға неше рет қоюға болады?

-         Жауап: 2 рет, 3-ші жолы есептен шығарылады.

-         Күн тәртібіндегі мәселелерді қарай келе, ауданның қоғамдық кеңес мүшелері «Шарбақты ауданы қаржы бөлімі» ММ-не ұсыныс жасады.

  1. Аукционға әлеуетті сатып алушылардың шығуы үшін объектілерді бағалау мәселесіне шындап назар аудару қажет.
  2. 2.     Ауданның коммуналдық меншік объектілері мен пайдаланылмайтын ғимараттарды қолдану үдерісін аяқтау үшін шара қолдану.