Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық
Басты Сот және сот төрелігі Полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық

          Шарбақты аудандық сотымен полиция қызметкерлеріне бағынбаушылық көрсеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

          Іс материалдарында көрсетілгендей, 2016 жылдың 19 сәуірінде Шарбақты ауылында жол полиция қызметкерлерімен елді мекен ішінде жылдамдықты асырғаны үшін сотталушы Б. басқаруында «Wolkswagen golf» маркалы көлік анықталып, жүргізушіге тоқтауға нұсқау берген. Бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамай, қозғалысын әрі қарай жалғастырған. Полиция қызметкерлері оны әкімшілік хаттаманы толтыру үшін тоқтатқан кезде, сотталушы бағынбаушылық көрсетіп, ұсынылған құжаттарын қызметкердің қолынын жұлып алып, көлікке отырып, қашып кеткен.

           Сот отырысында сотталушы кінәсін толығымен мойындап, ісіне өкінді. 

           Сот оны ҚК 379 б. 1 б. (билік өкіліне бағынбау) айыпты деп танып, жиырма бес АЕК 53025 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

           Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»