Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты аудандық сотымен қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды
Басты Сот және сот төрелігі Шарбақты аудандық сотымен қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

 

        2016 жылдың 11 сәуірінде Шарбақты аудандық сотында түйе жүнінен жасалған көрпе ұрлаған, 1975 ж.т. Шарбақты ауылының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

      Қылмыс келесі мән жайларда жасалған, 2015 жылдың 15 қазанында сотталушы танысының үйіне келген, үй иесі үйде жоқтығын пайдаланып ол есіктің құлыпын сындырып, құны 6000 тенге тұратын түйе жүн көрпесін ұрлап кеткен.

         Сот тергеуі басталмас бұрын сотталушымен жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты келісім ұсынылды.

         Сотпен сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. ҚК 68 бабы 1 бөлігі негізінде сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі