Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты аудандық сотымен көлікті мас күйінде қайтару жүргізу бойынша қылмыстық іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Шарбақты аудандық сотымен көлікті мас күйінде қайтару жүргізу бойынша қылмыстық іс қаралды

 

         Шарбақты аудандық сотымен бұрын көлік құралын басқару құқығынан айрылған 1990 ж.т. И. атты азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.       

         2015 жылдың 22 ақпанында Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында «ВАЗ 2109» автокөлігін мас күйінде басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

        Сотталушы сот отырысында кінәсін толығымен мойындап, досының үйінде сыра ішіп, көлікті басқаруына отырғанын түсіндірді. Ол сотқа осыдан бұрын алты жылға көлік құқығынан айырыла тұра көлікті басқаруға отырғанын түсіндіре алмады.

        Сот оны ҚК 346 бабы 1 бөлігі бойынша айыпты деп танып, үш жылға көлік жүргізумен байланысты қызметпен айналысуға тиым салумен, 200 сағта қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

 

       Үкім заңды күшіне енді.

       Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі