Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шарбақты аудандық сотымен әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды
Басты Сот және сот төрелігі Шарбақты аудандық сотымен әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

         Шарбақты аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін  ҚР  ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған азамат С. қатысты әкімішілік ісі қаралды.

         Азамат С.  мас күйінде, өзінің жұбайына балағат сөздер айтып, үй ішінде бүлік шығара отырып, оның  тыныштығын бұзған.

         Сот мәжілісінде тараптар, кәсіби емес медиатор арқылы медиация әдісімен бітімгершілікке келулеріне байланысты әкімшілік іс өндірісін қысқартуды сұрады.

        Сот қаулысымен құқықбұзушы  жәбірленушімен татуласуына байланысты, істің өндірісі қысқартылды.

      

       Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

       Шарбақты аудандық сотының

       Баспасөз қызметі