Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медиативтік келісім
Басты Сот және сот төрелігі Медиативтік келісім

 

         Шарбақты аудандық сотымен ҚК 188 б. 2 б. бойынша «Pioneer»  маркалы навигатор ұрлағаны үшін Красиловка ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыс келесі мән жайларда жасалған, 2016 жылдың 23 ақпанында сағат 22.00 шамасында сотталушы Шарбақты ауданының Красиловка ауылында «ВАЗ 2107» автокөлігінің есігінің тұтқасын сындырып, құны 20 000 тенге тұратын «Pioneer» маркалы навигаторын ұрлап кеткен.

          Сот тергеуі басталмас бұрын медиатормен тараптардың медиация тәртібінде татуласып, жәбірленушімен және қылмыс жасаған тарпаппен келісілген келісім ұсынылды.

          ҚК 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс медиация тәртібінде татуласуына байланысты қысқартылды.

              

            Қаулы заңды күшіне енген жоқ.                                     

            Шарбақты аудандық сотының

            Баспасөз қызметі