Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Абайсыз жүргізуші
Басты Сот және сот төрелігі Абайсыз жүргізуші

           Шарбақты аудандық сотымен Павлодар қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

          2016 жылдың 8 ақпанында Шарбақты ауданының Хмельницкое ауылында «Toyota Camry» а/к басқырып келе жатып, жол қиылысында «Ваз-21063» а/к жол бермей онымен соқтығысып, электрлі желі бағанасына соғылған. Жол апаты барысында электрлі желі бағанасы және автокөліктер зақымдалып, матеиалды шығын келтірілген.

       Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, көк тайғаққа байланысты автокөліпен соқтығысып, ағаш бағанаға соғылғанын түсіндірді.

        Сот, Ж. ӘҚБК 610 бабы 1 бөлігі бойынша айыпты деп танып, 21210 тенге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.

       

Қаулы заңды күшіне енді

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі