Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Жазаны орындау барысында туындайтын сұрақтар және олардың шешімі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел»
Басты Сот және сот төрелігі «Жазаны орындау барысында туындайтын сұрақтар және олардың шешімі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел»

IMG-20160210-WA0005

            Шарбақты аудандық сотымен «Жазаны орындау барысында туындайтын сұрақтар және олардың шешімі» атты тақырыпта прокуратура және қылмыстық атқару инспекциясы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

            Кездесу барысында жазаны орындаушы органдармен ҚР ҚПК 453 б. 1, 3 т. сәйкес сотқа материалдарды дайындау және жолдау кезінде заңмен көрсетілген талаптарды ұстану, қылмыстық-атқарушылық заңнамаларын қолдану, сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде жазадан босату, жаза түрін өзгерту талабы мен негізі туралы сұрақтар қозғалды.

           «Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша біртұтас практиканы қолдану ұсыныстары қарастырылды.

     

       Шарбақты аудандық соты

       баспасөз қызметі