21 Сентября
, 05:11
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медиативтік келісім
Басты Сот және сот төрелігі Медиативтік келісім

          Шарбақты аудандық сотымен ҚК 188 бабы 2 бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қарастырылған қылмыс жасау бойынша Павлодар қаласы Железнодорожный кентінің үш ағайындыларға қатысты қылмыстық іс қаралды.

         Сотпен анықталғандай 2016 жылдың 19 қаңтарда сотталушылар Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында орналасқан бұрынғы «Ремонтно-механический завод» аумағынан құны 47 000 тенге тұратын темір балканы және құны 50000 тенге тұратын «HITACHI» маркалы электр балғасын ұрлап кеткен. Сотталушылар ғимаратты бұзу бойынша келісім арқылы жұмыс істеп жүріп, өздерінің жұмыс берушісіне шығын келтірген.

          Сот отырысы барысында медиатордың қатысуымен жәбірленуші мен сотталушылар медиативтік келісімге келіп, соттан істі қысқартуды сұрады.

        Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі