22 Сентября
, 13:29
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Отбасы-тұрмыстық қатынастарда медиацияны қолдану
Басты Сот және сот төрелігі Отбасы-тұрмыстық қатынастарда медиацияны қолдану

          Шарбақты аудандық сотымен ӘҚБК 73 бабы 1 бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Құқықбұзушы бірге тұрушы әйелімен жанжал шығарып, балағат сөз айтқаны сотта анықталды.

         Сотқа тараптармен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы жазбаша келісім ұсынылды. Келісімде құқықбұзушы бірге тұрушының тиыштығын бұзбауға міндеттелді, ал жәбірленуші татуласумен келісіп, оны кешіреді.

        ӘҚБК 64 бабы негізінде жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты іс қысқартылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі