Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Келісім бойынша іс жүргізу
Басты Сот және сот төрелігі Келісім бойынша іс жүргізу

           ҚР жаңа Қылмыстық – процесуалдық кодексінде қылмыстық істерді қысқа мерзімде қарау арқылы әділеттіктің және заңдылықтың қалпына келтіруге жаңа заң нормасы жазылған.

           Жаңа заң нормасына сәйкес прокурор айыпталушы тұлғамен кінәні мойындау туралы процесуалды келісім жасауға құқылы. Келісім сотқа дейін және сот отырысы кезінде жасауға болады. Егер тараптар қылмыстың саралау, азаматтық талап арыз, жазаның түрін және мөлшерімен келіскен жағдайда прокурор қылмыстық істі процесуалды келісіммен бірге сотқа келісім бойынша қарауға жолдайды.

           2015 жылы сотпен келісім бойынша 6 қылмыстық іс үкім шығарумен қаралған. 

           Осымен бұрынғы заң бойынша бір айдан аса мерзімде қаралатын қылмыстық істер өте қысқа мерзімде қаралған. Осыған орай мемлекеттік қаражат үнемделіп, тараптардың талабы қанағаттандырылды.

 

          Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі