Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сот отырысы хаттамасы
Басты Сот және сот төрелігі Сот отырысы хаттамасы

          Аудио, бейнежазба құралдарын қолдану бойынша Шарбақты аудандық сотының бір сот отырысы залы сот процестерін тіркеу үшін жаңа аудио, бейнежазба құралдарымен жабдықталған.

Аталған жүйені пайдалану қорытындысы келесі мәліметтер көрсетілетін сот отырысы хаттамасы: сот отырысының басталуы мен аяқталу уақыты, істің атауы,қатысушы тұлғалар, сот құрамы және т.б. Сондай ақ аудио,бейнежазба құралы сот отырысы хатшысы жұмысын айтарлықтай оңайлатады, сот отырысы хаттамасын құруда қалам мен қағаз қолданудан толықтай айырады.

           Құрылғы судьяның, сот отырысы хатшысының, прокурордың және тараптардың тәртіптік жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді. Тараптар аудио,бейнежазба құралын қолданумен өткізілетін сот отырысы барысында өздерін тәртіпті ұстайды. Ал сақталған  сот отырысы жазбалары көптеген даулы сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.

       

         Шарбақты аудандық сотының

         Баспасөз қызметі