Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ағаш кесу кісі өлімімен аяқталды
Басты Сот және сот төрелігі Ағаш кесу кісі өлімімен аяқталды

        Шарбақты аудандық сотымен аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс процессуалдық келісім бойынша қаралды.

        Іс материалы бойынша сотталушы А. жұбайымен бірге Шалдай филиалының Садык-Ащы орман шаруашылығы аумағына заңсыз «қарағай» тұқымды ағаш кесуге және ұрлауға келген. Орманға келгеннен кейін сотталушы А. ағаш кесіп жатқанда ағаш байқаусыз жұбайына құлап кетіп, соңғының өліміне әкеп соққан.

       Сот А. ҚК 340 б. 3 б. 4 тармағы, 104 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, оған 1 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 

        Үкiм заңды күшіне енді

        

        Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі