Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Орман шаруашылығы қызметкерлері ағаш ұрлаған
Басты Сот және сот төрелігі Орман шаруашылығы қызметкерлері ағаш ұрлаған

       Шарбақты аудандық сотымен «Ертіс орманы» ММ үш жұмыскеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. 2015 жылдың қыркүйегенде аталған тұлғалар Шалдай орман шаруашылығы аумағынан қарағай тұқымды ағаштарды ұрлау кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

      Қылмыс барысында мемлекетке 97672 тенге көлемінде зиян келтірілген.

      Сот, сотталушылардың тұрғылықты жерінен жақсы жағынан мінездемелетінін, жас шамаларын, жасалған қылмыс орташа ауыр санатына жатқызылатынын және материалды шығын өтелгенін ескере отыра, оларға мүліктерін тәркілеумен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

       Үкім күшіне енді.

      

      Шарбақты аудандық соты

      Баспасөз қызметі