Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Берешекті төлемеудің салдары
Басты Сот және сот төрелігі Берешекті төлемеудің салдары

 

       Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз, қасақана кесіп өткен Қарағанды облысы Сарань қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

       Іс материалында көрсетілгендей, 1961 жылы және 1953 жылы туылған апалы-сіңілі Т. және П. аналарының қайтыс болуына байланысты Ресей Федерациясына жол жүрген. Шекара бекетінде сот шешімін орындамауына байланысты олардың біріне Қазақстаннан шығу уақытша жабық екендігі анықталған. Бұдан кейін шекара бекетін айналып өтіп, шекарадан өтіп кеткен оларды Ресей Федерациясының шекара қызметкері ұстап алған.

       Сот, сотталушыларды ҚК 392 бабы 1 бөлігі бойынша айыпты деп танып, шартты түрде 1 жылға сынақ мерзімен, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

      Үкім күшіне енді.

      

      Шарбақты аудандық соты

      Баспасөз қызметі