Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Абайлаңыз, пойыз
Басты Сот және сот төрелігі Абайлаңыз, пойыз

 

     2015 жылдың 28 қазанында Шарбақты аудандық сотымен Т.атты азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқықбұзушы ағымдағы жылдың 22 қазанында «ВАЗ-2106» автокөлігімен теміржол арқылы өту барысында, «СТОП» белгісі талабын орындамай, пойызбен соқтығысқан. Соқтығу барысында көлік құралдары зардап шеккен.

       Сот, ұқыпсыз жүргізушіні ӘҚБК 610 бабы 1 бөлігі, яғни көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы бойынша айыпты деп танып, 9 айға көлік құралын басқару құқығын айыру жазасы тағайындады.    

       Қаулы заңды күшіне енді.

       

        Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі