Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мектеп оқушыларымен кездесу  
Басты Сот және сот төрелігі Мектеп оқушыларымен кездесу  

IMG-20190918-WA0013

Шарбақты аудандық соты жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оған төраға м.а. Г. Сисинғалиев, прокурор Е. Сеитов, учаскелік инспектор Р. Қизатов қатысты.

Іс-шара кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құқықтық білім беру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында Г. Сисингалиев қатысушыларға әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын, атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салу, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және міндетті орта білім алудан жалтарғаны үшін жазалау шаралары туралы түсіндірді.

Жасөспірімдерді мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауға, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік және отбасылық құндылықтарды басшылыққа алуға және заңдарды, сондай-ақ мектеп Жарғысын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

IMG-20190918-WA0014

"Мектеп медиациясы" тақырыбында мектеп оқушыларымен әңгіме өткізді. Ол өз баяндамасында медиация институтының қалыптасу тарихы және мектеп медиациясының екі тарапқа да оң нәтиже беруінің маңыздылығы туралы айтып өтті. Медиацияның басты мақсаты балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен жанжал деңгейін төмендету, дауларды, жанжалдарды және олардың теріс салдарын азайту, мектепте оқушылар үшін қолайлы, жайлы орта құру болып табылады.   

Кездесу қорытындысы бойынша төраға м.а. жасөспірімдерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

IMG-20190918-WA0015

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»