Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мас күйінде мотоцикл жүргізген       
Басты Сот және сот төрелігі Мас күйінде мотоцикл жүргізген       

Шарбақты аудандық сотымен Хмельницкое ауылының зейнеттегі тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

28.07.2019 жылы көлік құралын жүргізу құқығы жоқ құқықбұзушы мас күйінде "Урал" маркалы мотоцикл жүргізіп, жол жүру ережесін бұзған.

Сотта зейнеткер өзінің кінәсін толық мойындап, мотоциклді ішімдік ішкен күйінде құжатсыз басқарғанын, бұрын жүргізуші куәлігін алмағанын түсіндірді. Істеген әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Куәгер ретінде жауап алынған аудандық аурухананың дәрігері 28.07.2019 жылы полиция қызметкерлерімен куәландыру үшін құқық бұзушыны жеткізгенін көрсетті. Куәландыру нәтижесі бойынша жеңіл дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталған.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 353 500 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

"Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»