Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ресей азаматы жауапкершілікке тартылды         
Басты Сот және сот төрелігі Ресей азаматы жауапкершілікке тартылды         

Шарбақты аудандық сотымен Ресей Федерациясының азаматы, Алтай өлкесінің Родина ауданының медициналық колледжінің студентіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

02.09.2019 жылы "Шарбақты" (автомобильдік) шекаралық бақылау өткізу пунктінде Шекара қызметінің қызметкерлері Ресей азаматшасының Халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан заңнамасын бұзғанын, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен астам Ішкі істер органдарында тіркеусіз республика аумағында болғанын анықтаған.

Сотта шетелдік азаматша кінәсін толығымен мойындап,  белгіленген тәртіпте заңнаманы білмегендіктен тіркелмегенін, Қазақстанда ата-анасының тұратынын, сондықтан бұл өзін елдің аумағынан шығармауды сұралды.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 26 513 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқықбұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

"Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»