Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шекараны заңсыз өткен азамат сотталды        
Басты Сот және сот төрелігі Шекараны заңсыз өткен азамат сотталды        

Шарбақты аудандық сотымен 1985 жылы туылған Қырғызстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық істі қаралды.

Шетелдік 19.06.2019 жылы 04:00 сағат шамасында шекаралық өткізу пунктін айналып өтіп, тікенекті сым арқылы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткіп кетіп, Ресей шекара нарядымен ұсталған.

Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, өзінің досымен еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Ресейге бармақ болғандарын көрсетті. Оның досы РФ-ға кіруге тыйым салынғандықтан шекара бекетін айналып өтуге шешім қабылдаған.

Сот сотталушыны ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот залынан сотталушы қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

"Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»