Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алкогольдік өнімдерді заңсыз сату         
Басты Сот және сот төрелігі Алкогольдік өнімдерді заңсыз сату         

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

06.08.2019 ж. Шарбақты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерге тиесілі дүкенде салықтық тексеру жүргізді.

Тексеру барысында ілеспе жүкқұжаттары жоқ 53 бөтелке көлемінде 18790 теңгеге алкоголь өнімі анықталып, алынды, бұл Қазақстан Республикасының "алкоголь өнімдері мен этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңын бұзу болып табылады.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындады.

Сот жеке кәсіпкерді ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігі 7-тармағымен кінәлі деп танып, 132 563 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сот қаулысымен алкоголь өнімдері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.   

   

"Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»