Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қарақшылық бойынша іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Қарақшылық бойынша іс қаралды

Шарбақты аудандық сотымен 2001 жылы туылған Алексеевка ауылының тұрғыны қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталды.

         Сотталушы сол күні зейнеткерлер Алексеевка ауылының «Людмила» дүкеніне берешектерін қайтаратынын біліп, дүкен иесіне қарақшылық шабуыл жасауға шешкен.

        2019  жылдың 13 сәуірінде сотталушы шабуыл жасауға киімдер, бетперде дайындап, иессіз үйге жасырып қойған.  Дүкен иесінің дүкенде болуын тексеру мақсатында 18 сағат 30 минутта дүкенге кіріп, лимонад сатып алған. Содан кейін қараңғылықты күте отырып, сотталушы үй келіп, алдын-ала дайындалған киімдерді, бетперденін киіп, дүкеннің жанында тығылып, дүкен иесінің далаға шығуын күткен. Жәбірленуші дүкенді жауып, автокөліктің салонына сөмкені салып жатқан кезде, сотталушы көмірдің сынығын алып, жүгіріп барып, оның басына бір соққы жасаған. Содан кейін автокөліктің есігін ашып, әйел ішінде 1 280 000 теңге және екі ұялы телефоны бар сөмкені ұрлап кеткен.       

         Жасалған қылмыс нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына және материалдық шығын келтірген.

          Сотта сотталушы кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасау туралы өтінішхатты мәлімдеген, жәбірленушілердің тарапы келісім жасасу туралы ниетін растаған.

         Сот сотталушыны ҚК-нің 192-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігінің төменгі шегінен төмендей отырып, сотталушының жас жасын ескере отырып, толық емес отбасында тәрбиелеу, бұрын қылмыстық соттылығы болмауы, ұрланған мүліктің тұрған жерін анықтау кезінде белсенді түрде жәрдемдесу және оған қатысу, жәбірленушілердің тарапынан залалды өз еркімен өтеу және кінәнің болмауы, қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздіктегі мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

        Сот залынан сотталушы қамауға алынды.

        Сонымен қатар, сот үкімімен сотталушыдан сот сараптамаларын жүргізгені үшін іс жүргізу шығындарын және жәбірленушілердің өтемақы қорына төлем өндіріп алды.

            Үкім заңды күшіне енген.

 

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»