Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қарақшылық шабуыл
Басты Сот және сот төрелігі Қарақшылық шабуыл

Шарбақты аудандық сотымен қарақшылық шабуыл және абайсызда өлім келтіру фактісі бойынша Шарбақты ауылының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар 2019 жылы 21 қаңтарда сағат 22 шамасында алдын-ала келісім бойынша Шалдай ауылының тұрғынын тонау мақсатында аталған ауылға келген.

Екі сотталушы медициналық бетперде киіп, ал үшінші көз тесіктері бар бас киім киіп алып, жәбірленшінің үйінің терезесін қаққан.  Жәбірленуші есікті ашқаннан кейін, сотталушылар оған шабуыл жасап, өздерімен алып келеген арнайы ағаш таяқпен оған соққылар келтіріп, қолдарымен және аяқпен ұруды жалғастырды. Содан кейін жіппен жәбірленушінің қолын арқасына байлап, көмек шақыра алмауы үшін ауызына шүберекті тығындап қойған. Одан кейін үйдің ішінен 4600 АҚШ доллары, 292 000 Ресей рублі және 80 000 теңге ақшаны жымқырып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Жәбірленуші тыныс жолдарының жабылып қалуына байланысты оқиға орынында қайтыс болған.

Сот екі сотталушыны ҚК-нің 192-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен, ал үшіншісін ҚК-нің 192-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен, 104-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оларға мүлкін тәркілеумен, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сот сотталушылардан жәбірленуші өкілінің пайдасына материалдық залал, мемлекеттік баж, сот сараптамаларын жүргізгені үшін іс жүргізу шығындарын, жәбірленушілерге өтемақы қорына төлемді өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»