Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жүргізуші жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Жүргізуші жазаланды

Жол-көлік оқиғасына жол бергені үшін Шарбақты аудандық сотымен Шарбакты ауылының 1999 жылы туған тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

27 мамыр 2019 жылы құқықбұзушы "Mercedes-Benz E240" маркалы көлік құралын басқара отырып, Нұр-Сұлтан-Ерментау-Шідерті автожолының 143 км. алдыңғы сол жақ дөңгелектің деформациясына байланысты басқара алмай, қисық сызықты бөренемен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы нәтижесінде "Қазақавтожол" ЖШС Ақмола облыстық филиалына 193 597 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындады. Істеген әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 50 500 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»