Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Молдова азаматы жазаланды         
Басты Сот және сот төрелігі Молдова азаматы жазаланды         

Шарбақты аудандық соты Румынияда жұмыс істейтін Молдова азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

2019 жылы 25 шілдеде көші-қон қызметінің қызметкерлері Молдова азаматы Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған, атап айтқанда республика аумағында үш тәуліктен астам Ішкі істер органдарында тіркеусіз болғанын анықтады.

Сотта шетелдік кінәсін толық мойындап, жүк тасымалдап келе жатқан басқа көліктерді күтуіне байланысты көрсетілген мерзімде тіркелмегенін, өйткені, бұл автокөліктер жолда 18 күнге кідіріп, сол себепті, белгіленген тәртіппен тіркелуді ұмытып кеткен. Жасағанына өкінетінін айтып, жүктерді тасымалдау өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі болып табылатындығынан, Қазақстан Республикасының шегінен мәжбүрлеп шығармауды сұрады.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 26 513 теңге көлемінде айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»