22 Сентября
, 12:27
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ресей азаматы жауапкершілікке тартылды         
Басты Сот және сот төрелігі Ресей азаматы жауапкершілікке тартылды         

Шарбақты аудандық сотымен 1982 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылдың 01 тамызында Шекара қызметінің қызметкерлері РФ азаматтығын алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін Ресей азаматының Қазақстан Республикасының паспортын тапсырмау фактісін анықтады.

Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдіріп, соттан Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жібермеуді сұрады, себебі Қарағанды облысының Шахтинск қаласында баланы көрсету үшін қонаққа бара жатқан қарт ата-анасы тұратынын түсіндерді.

Сот шетелдікті ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 353 500 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енгенге дейін құқық бұзушы айыппұлды өз еркімен төледі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»