Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мемлекеттік шекараны заңсыз өткен         
Басты Сот және сот төрелігі Мемлекеттік шекараны заңсыз өткен         

Шарбақты аудандық сотымен 1970 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.

11.06.2019 ж. сотталушы РФ "Ольховка" өткізу пунктіне келіп, Ресей Федерациясының Федералдық сот приставтары қызметінің шектеуіне байланысты Мемлекеттік шекара арқылы өте алмаған. 13.06.2019 жылы ол Құлынды ауданының Орловка ауылына келіп, онда түнгі уақытта өткізу пунктінен тыс жерде Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шекараны кесіп өтті.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, 11.06.2019 жылы шектеу салдарынан шекара арқылы жіберілмегенін көрсетті. Берешекті алдында Қазақстан Республикасына өтпес бұрын төлеген, алайда борышкерлердің тізімінен алынбаған. Содан кейін жаяу шекараға шығып, Алексеевка ауылына қарай бет алған. Соттан айыппұлдың ең төменгі мөлшерін тағайындауды сұрады.

Сот сотталушыны ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 505 000 теңге көлемінде айыппұл салып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 5 жыл мерзімге шығарып жіберу туралы жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»