Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мас күйінде көлік басқарған        
Басты Сот және сот төрелігі Мас күйінде көлік басқарған        

Шарбақты аудандық сотымен 1963 жылы туған Хмельницкий ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2019 жылы 14 шілдеде сағат 23: 00-де Шарбақты ауылында Лесная көшесінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған сотталушы мас күйінде "Ваз-21099" маркалы автокөлігін басқарған.

Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, сондай-ақ 2019 жылы 14 шілдеде таныстарының үйінде сыра ішкенін, одан кейін автомашинаның рөліне отырғанын көрсетті.

Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 50500 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сот сотталушыны 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»