Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алкогольді өнімдерді заңсыз сату          
Басты Сот және сот төрелігі Алкогольді өнімдерді заңсыз сату          

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылы 23 шілдеде Шарбақты ауданы бойынша МКБ қызметкерлерімен Шарбақты ауылының дүкенін салықтық тексеру барысында ілеспе жүкқұжатсыз алты бөтелкеден тұратын "Kagor Lux" тәтті қызыл шарап табылып, тәркіленді.

Сот отырысында жеке кәсіпкер кінәсін толық мойындап, "Kagor Lux" шарабының ілеспе құжатсыз сатушысы сауда-саттық агентімен қабылдап, ол алкоголь өнімдерін алып, ілеспе құжаттарды кейінірек алып келгенін, бірақ кейін оларды ілмегенін және қоңырауларға жауап бермегенін түсіндірді. Жасағанына өкінетінін айтты.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 282-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, 353 500 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

Сонымен қатар, сот шарап өнімдерін мемлекет кірісіне тәркілеген.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»