Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жеке кәсіпкер жазаланды  
Басты Сот және сот төрелігі Жеке кәсіпкер жазаланды  

Шарбақты аудандық соты Шарбақты ауылының жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік істі қарады.

2019 жылдың 2 маусымында 11 сағат 43 минутта жеке кәсіпкерге тиесілі дүкеннің сатушысы "Спиртовъ" маркалы бір бөтелке арақты сағат 12-дейін сатқан.

Сот отырысында жеке кәсіпкер кінәсін толық мойындады.

Сот құқықбұзушыны ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, 70700 теңге көлемінде әкімшілік жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сот аталған дүкеннің лицензиясының күшін 1 ай мерзімге тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»