Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
мАрдагерлермен кездесу         
Басты Сот және сот төрелігі мАрдагерлермен кездесу         

18.07.2019 жылы Ардагерлер кеңесінің ғимаратында Шарбақты аудандық сотының төрағасы Х.Сраилов Шарбақты ауылының зейнеткерлерімен кездесті.

Сот төрағасы зейнеткерлерді "Сот төрелігінің жеті түйіні" бағдарламасымен, сондай-ақ "Билер кеңесі", "Татуласу: сотқа дейін, соттан тыс" пилоттық жобаларымен таныстырды.

"Билер Кеңесі" пилоттық жобасы "Татуласу: сотқа дейін, соттан тыс" жобасының негізінде 20.02.2019 жылы құрылды. Қазақстанда жанжалдасушы тараптар арасындағы келіссөздер арқылы дауларды татуластырумен шешкен билер соттары медиация прототипі болды.

Одан әрі кездесу диалог режимінде өтті. Ардагерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, олар негізінен ауданның абаттандырылуына қатысты.

Кездесу соңында осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Барлық қатысушылар пікір алмасып, Х.Сраиловқа жұмыста табыс тіледі.

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»