Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жол ережесін бұзғаны үшін        
Басты Сот және сот төрелігі Жол ережесін бұзғаны үшін        

Шарбақты аудандық сотымен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін  Шарбакты ауылының, 1993 жылы туылған тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жүргізуші 2019 жылы 29 маусымда сағат 19:00-де Шарбақты ауылында "Volkswagen Passat" автокөлігін басқарып келе жатып, үйдің ауласынан жолдың жүру бөлігіне шығып, автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысу барысында ешкім зардап шеккен жоқ, көлік құралдары зақымдалып, материалдық залал келтірілген.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындады.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 50 500 теңге көлемінде айыппұл салды.              

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»