22 Сентября
, 12:27
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қаруды заңсыз сақтаған          
Басты Сот және сот төрелігі Қаруды заңсыз сақтаған          

Шарбақты аудандық сотымен 1988 жылы туылған Шалдай ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2018 жылдың желтоқсан айында Шалдай ауылының тұрғынымен болған жанжал барысында сотталушы соңғының аңшы мылтығын тартып алып, үйіне алып кеткен. Қаруды үйінде кейін әкесінің үйінде сақтаған.

2019 жылы  26 қаңтарда полиция қызметкерлері Шалдай ауылында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында сотталушының әкесінің үйінде заңсыз сақталған мылтықты тәркіледі.  

Сотта прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімі жасалды. 

Сот сотталушыны ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»