Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жасөспірім құқықбұзушылық жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Жасөспірім құқықбұзушылық жасаған

 Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылындағы мектептің кәмелетке толмаған оқушысының анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылы 21 маусымда сағат 21 шамасында жасөсіпрім, Шарбақты ауылында Тәуелсіздік көшесінде орналасқан футбол алаңында өзінің құрдасына дене жарақатын келтіріп, оны балағаттаған.

Сот отырысында кәмелетке толмаған баланың анасы кінәсін толық мойындады.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 435 бабы бойынша кінәлі деп танып, 12 373 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»