Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Электроқаруды заңсыз сақтау          
Басты Сот және сот төрелігі Электроқаруды заңсыз сақтау          

Шарбақты аудандық сотымен ішкі істер органдарында тіркелмеген электрлік қаруды заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны үшін 1990 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2019 жылғы 30 сәуірде "Шарбақты авто" шекаралық бақылау өткізу пунктінде "Хонда инсайт" автокөлігінің салонын тексеру кезінде шекара наряды шетелдікке тиесілі "1106 ТУРЕ" моделінің электрошокер-фонарын тауып алып, тәркілеген.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 35 350 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Сонымен қатар, сот электрошокерді мемлекет кірісіне тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»