Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Дөңгелек үстел ұйымдастырылды          
Басты Сот және сот төрелігі Дөңгелек үстел ұйымдастырылды          

Шарбақты аудандық сотымен би Қ.Зағыттың, прокурор Е.Сеитовтың, кәсіби медиатор Е.Хамитовтың және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С. Кайсаримованың қатысуымен «Некені бұзу себептері және атаулы көмек тағайындау негіздері» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді ұйымдасырылды.

Судья Е. Қалкен некені бұзу туралы істерді қарау тәжірибесі және азаматтардың сотқа жүгіну себептері туралы айтып берді. Талап-арыздар отбасындағы тұрақты жанжалдарға, түсініспеушілікке, өмірге әртүрлі көзқарасқа байланысты сотқа беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек және аз қамтылған отбасылар, көп балалы аналар үшін көзделген басқа да жеңілдіктер алу мақсатында некені бұзу жағдайлары жоқ. 2018 жылдың 5 айымен салыстырғанда 2019 жылы келіп түскен және сотта қаралған некені бұзу туралы істер санының шамалы өсуі байқалады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С. Кайсаримова 2019 ж. АӘК үшін 172 отбасы өтініш білдірді, барлық отбасыларға әлеуметтік көмек тағайындалды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде пікір алмасты.  

        

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»