Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Көш-қон заңнамасын бұзғаны үшін  
Басты Сот және сот төрелігі Көш-қон заңнамасын бұзғаны үшін  

Шарбақты аудандық сотымен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 1996 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.  

07.06.2019 жылы "Шарбақты" (автомобильдік) шекаралық бақылау өткізу пунктінде "Павлодар қ. (ҚР) – Томск қ. (РФ)" бағыты бойынша келе жатқан рейстік автобусты тексеру кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін елден кетпеген Өзбекстан Республикасының азаматы анықталды.

Сотта шетелдік кінәсін толық мойындап, жұмыс беруші іс-сапарға кетіп, оған уақытында жалақы бермегенін түсіндірді.

Сот құқық бұзушыны 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған ҚР шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»