Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мұраны қабылдау фактісі анықталды          
Басты Сот және сот төрелігі Мұраны қабылдау фактісі анықталды          

Шарбақты аудандық сотымен мұраны қабылдаудың заңды фактісі анықталды.

Арыз иесі 2007 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, Орловка ауылындағы аула құрылыстары мен жер учаскесі бар тұрғын үй түрінде ашылған мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы сотқа арызданған. Ол заң бойынша жалғыз мұрагер. Қаржылық қиындықтарға байланысты заңда белгіленген мерзімде өтініш беруші нотариусқа мұраға құқық туралы куәлік алу үшін жүгінбеген. Нотариус оған жоғарыда көрсетілген заңды фактіні анықтау үшін сотқа жүгіну қажет екенін түсіндірген.

Өтініш берушінің мұраны қабылдау фактісі мүдделі адамның түсіндірмесімен, куәнің көрсетуімен және азаматтық іс материалдарымен расталады.

Сот арыз берушінің талаптарын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»