Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қаруды заңсыз сақтағаны үшін жазаланды           
Басты Сот және сот төрелігі Қаруды заңсыз сақтағаны үшін жазаланды           

Шарбақты аудандық сотымен ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

13 наурыз 2019ж. "Қару" жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Шарбақты ауылының тұрғынынан заңсыз сақталған бір ұңғылы мылтықты тауып алып, тәркілеген.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындады.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 35 350 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сот мемлекет кірісіне қаруды тәркіледі.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»