Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Есірткі сақтағаны үшін сотталды  
Басты Сот және сот төрелігі Есірткі сақтағаны үшін сотталды  

 

Шарбақты аудандық сотымен есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін 1979 жылы туылған Құрқамыс станциясының тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

2019 жылдың 15 сәуірінде полиция қызметкерлерімен сотталушының үйін тінту барысында, ұйықтайтын бөлмедедегі төсек асынан салмағы 35,61 грамм кептірілген марихуана есірткі заты бар екі орама табылған.

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындап, Құрқамыс станциясы маңынан даладан қарасора жапырақтарын өзі қолдану үшін жинап алған. Есірткіні кептіріп, орамаға орап, бөлмесіне жасырып қойған.

Сот сотталушыны ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сот сотталушыдан сот сараптамасын жүргізгені үшін іс жүргізу шығындарын және жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлеп төлегенін мемлекет кірісіне өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»