Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды       
Басты Сот және сот төрелігі Ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды       

Шарбақты аудандық сотымен 1970 жылы туылған Ақсу қаласының жұмыс істемейтін тұрғыны есірткі затын ірі мөлшерде ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін сотталды.

22.12.2018 ж. сотталушы Ақсу қаласында жеке қолдану үшін бейтаныс адамнан экстракциялық опий ерітіндісімен есірткі заты бар медициналық шприц сатып алған.

Келесі күні ол медициналық шприц арқылы есірткіні қолданып, ал қалған бөлігін сөмкеге салып алған. Сол күні кәмелетке толмаған ұлымен бірге рейстік автобуста РФ Алтай өлкесіне шықты.

"Шарбақты" (автомобильдік) шекаралық өткізу пунктінде мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін сотталушыдан Шекара қызметінің қызметкерлерімен тексеру барысында сөмкесінен есірткі салынған медициналық шприц табылды.

Сотқа дейін сотталушы мен прокурор арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу келісімі жасалды.

Сот сотталушыны ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы, 296-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 63-бабына сәйкес бұл жаза шартты түрде қолданылады.

Сонымен қатар, сотталушыға нашақорлықтан емдеу тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»