Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Келісім жасалды
Басты Сот және сот төрелігі Келісім жасалды

Шарбақты аудандық сотымен үйден шығару туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.

Сот отырысында талапкер, оның сенімхат бойынша өкілі және жауапкерлер арасында дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сот тараптар арасындағы келісімді келесі шарттармен бекітті: жауапкер 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін тұрғын үйден шығарылуға және өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша талапкерге сот шығындарын төлеуге міндеттенеді. Жауапкерлер келісім шарттарын орындамаған жағдайда атқару парақтары беріледі.

Сонымен қатар, талапкерге талап арыз берген кезде төленген мемлекеттік баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.   

                 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»