Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Медиация тәртібіне келісім бекітілді  
Басты Сот және сот төрелігі Медиация тәртібіне келісім бекітілді  

 

Сот баланы асырауға алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Талапкер жауапкермен азаматтық некеде тұрған. Некеден 2013 жылы туған ортақ бірлескен бала бар. Жауапкер баланы тәрбиелеуге қатыспайды және материалдық көмек көрсетпейді.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді және істі қысқартуды сұрады.

Сот келісімді: жауапкер 2019 жылдың 8 мамырынан бастап сотқа талап арыз берген күннен бастап және ол кәмелетке толғанға дейін еңбекақысының және (немесе) өзге де табысының 1/6 бөлігі мөлшерінде қызын асырау үшін талапкердің пайдасына ерікті түрде алимент төлеуге міндеттенеді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»