Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сотпен дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Басты Сот және сот төрелігі Сотпен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Шарбақты аудандық сотында прокуратура, құқыққорғау органдары және адвокатура өкілдерінің қатысуымен сотқа дейін тергеу және процесуалды құжаттарды рәсімдеу сапасын жақсарту тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шара барасында қылмыстық істерді прокуратураға қайтару, қылмыстық процесте шоттар мен мүлікті алу, тыйым салу мәселелері бойынша құқық қолдану практикасы, тергеу органдарының атына жеке қаулылар шығару, үкімнің күшін жоюға әкеп соққан сотқа дейінгі тергеу сатысында қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу себептері мен негіздері, жазаны орындау мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында қатысуышылар жеке ойларымен бөлісті.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»

IMG-20190430-WA0016