18 Сентября
, 19:58
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Оқушылармен кездесу
Басты Сот және сот төрелігі Оқушылармен кездесу

Шарбақты аудандық сотында Шарбақты ауылының жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Шараға сот төрағасы Х.Сраилов, прокурор Е.Сеитов, жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Р.Кизатов, ювеналды полиция инспекторы О.Фогель, кәсібіи медиатор Е.Хамитов және аудандық білі бөлімінің маманы В.Бондаренко қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы оқушыларды соттың жұмысымен таныстырып, осы кездесуге қатысушыларды кәмелетке толмағандармен тәрбие жұмысын жүргізу мақсатында өткізілетінін айтып өтті.

Медиация туралы кәсіпқой медиатор айтып берді, ол өз сөзінде медиацияның психологияға негізделгенін, оқушымен ақпаратты қабылдау деңгейі және медиация институтына қалай әсер ететінін айтып өтті.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы аудан прокуроры оқушыларды таныстырды.

Жергілікті полиция бөлімінің бастығы ағымдағы жылы кәмелетке толмаған бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын, сондай-ақ оқушыларға ҚР Заңын бұзбауды, өз әрекеттері мен іс-әрекеттерін ойлап істеуді өтті.

Ювеналды полиция инспекторы ата-аналардың, қамқоршылардың сабаққа қатыспағаны, кәмелетке толмағандардың 22 сағаттан кейін тұрғын үйінен тыс, сондай-ақ түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болғаны үшін әкімшілік жауапкершілігі туралы ескертіп өтті.

Іс-шара соңында төраға оқушыларға алдағы емтихандарға сәттілік тілеп, оқу жылын сәтті аяқтап, жазғы демалысты жақсы өткізуге тілек білдірді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»

IMG-20190506-WA0005

IMG-20190506-WA0020

IMG-20190506-WA0032

IMG-20190506-WA0041