Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мектеп медиациясын дамыту
Басты Сот және сот төрелігі Мектеп медиациясын дамыту

Жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының №2 мектебінің 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Шараға аудан прокуроры Е.Сеитов, аудандық полиция бөлімі басшысы Е. Нургалиев және ювеналды полиция аға инспекторы О.Фогель қатысты.

Сот төрағасы Х. Сраилов атап өткендей, медиация – тараптардың арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиацияны енгізумен азаматтардың қақтығысты бейбіт шешуге үміті туды. Тараптар татуласып, әдетте, дауды шешу үшін сотқа одан әрі жүгінбейді.

Кездесу соңында экскурсия өткізіліп, оның барысында оқушылар  сот отырысының өткізілетін аудио-бейне тіркеу құрылғысымен, сот отырысы хатшыларының және сот кеңсесінің жұмысымен танысты.

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»